Біз жайлы

About us

 

 

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні — 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.

 

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді.

 

БҰҰ Елдік командасы Үкіметке, азаматтық қоғамға және жекеменшік секторға келесі мақстаттарға жетуге септігін тигізуде:

  • экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдіру арқылы салауатты халқы бар, жасыл экономикасы, өркендеген бизнесі мен құқықтары баршаға кепілді бар болашақ елге жетуді;
  • барлық азаматтардың, әсіресе әлеуметтік әлсіз және қауіпті топтардың құқықтары саулығын қорғау және ілгерілету арқылы инклюзивті қоғамды құруда;
  • баршаға тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында барлық деңгейлерде мүдделі тараптардың әлеуетін дамытуда;
  • көптарапты және өңірлік ынтымақтастықты, әсіресе гуманитарлық көмек және даму мақсатындағы көмек көрсетуді дәріптеу.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары жұмыс істейді:

  • Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы (ЮНЕСКО)
  • БҰҰ Халықаралық апат қаупін төмендету стратегиясы (БҰҰ ХАТС)
  • БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ)
  • БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы (БҰҰЕ)
  • БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО)
  • БҰҰ АИВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС)
  • БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
  • БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ)
  • БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ Әйелдер)
  • БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы (БҰҰ ГМҮБ)
  • БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)
  • БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ)
  • БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті (БҰҰ ҚАД)
  • БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы
  • БҰҰ Халық саласындағы қоры (ЮНФПА)
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
  • Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)