Intro

БҰҰ Елдік командасы Үкіметке, азаматтық қоғамға және жекеменшік секторға келесі мақстаттарға жетуге септігін тигізуде:

  • экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдіру арқылы салауатты халқы бар, жасыл экономикасы, өркендеген бизнесі мен құқықтары баршаға кепілді бар болашақ елге жетуді;
  • барлықа заматтардың, әсіресе әлеуметтік әлсіз және қауіпті топтардың құқықтары саулығын қорғау және ілгерілету арқылы инклюзивті қоғамды құруда; 
  • баршаға теңқұқықтарды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында барлық деңгейлерде мүдделі тараптардың әлеуетін дамытуда;
  • көптарапты және өңірлік ынтымақтастықты, әсіресе гуманитарлық көмек және даму мақсатындағы көмек көрсетуді дәріптеу.

Соңғы жаңалықтар

  • ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘКЕ КҮНІН АТАП ӨТТІ

    14 маусым, Нұр-Сұлтан - мамандықтары әр түрлі әкелер Халықаралық әке күнін тойлап, өздерінің балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісу үшін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА), «БҰҰ Әйелдері» құрылымы ұйымдастырған іс-шараға БАҚ, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар өздері үшін әке болу деген не екенін және қандай да бір қиындықтарды жеңіп, өз балаларының өміріне белсенді түрде қатысатыны туралы айтып берді.

  • Қазақстан Үкіметі, Біріккен ҰлттарҰйымы, Азия даму банкімен, Дүниежүзілік банк ТДМ есебімен мониторинг ісі бойынша кездесу өткізді

    2018 жылғы 24-25қыркүйек, Бурабай, Қазақстан – Қазақстан Үкіметі, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Азия даму (АДБ) банкі мен Дүниежүзілік банк (ДБ) өкілдері Тұрақты дамумақсаттарын (ТДМ) ұлттандыру процесінде Қазақстанның алғабасу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы ТДМ бойынша мониторинг жасаумен есеп беруге ықпал ету жолдарын талқыға салды.

  • Фотосурет көрмесi "Мигранттар: Орталық Азияның көрiнбейтiн күшi"

    АСТАНА (20 желтоқсан 2017 ж.) - Халықаралық Көші-қон Ұйымы / БҰҰ Көші-қон Агенттігі, Орталық Азиядағы үйлестіруші Кеңсесі және КазГЮУ Университеті Сізді Халықаралық Мигрант Күніне (18 желтоқсан) арналған фотосурет көрмесінің ашылуына шын жүректен шақырады. 20 желтоқсан 2017 ж., Астана, КазГЮУ университетінің ғимараты, 2 ші қабат, үақыты: 11:00

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БҰҰ АГЕНТТІКТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОЛДАНУДЫ ЖОЮДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

    22 ҚАРАША 2017ж. "Әлемді қызғылтсары түске бояйық: ешкім шетқақпай қалмасын - әйелдерге зорлық-зомбылық қолдану тиылсын ' 25-қарашада Гендерлік айырмашылыққа негізделген зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік - әлемнің барша түпкіріндегі қауымдастықтар тіршілігінде кеңінен таралған әрі көтерілмей, үнсіз тақырып ретінде қалып отырған мәселеге назар аударудың ғаламдық науқаны - басталады.

  • БҰҰ мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары бойынша сарапшысы Қазақстанға сапармен келеді.

    Женева (2017 жылдың 31 тамызы) – Каталина Девандас – БҰҰ Мүгедектігі бар Тұлғалардың Құқықтары бойынша Арнайы Баяндамашысы 2017 жылдың 4 және 12 қыркүйегі аралығында мүгедектігі бар тұлғалардың адам құқықтарының орындалуы бойынша істердің жағдайын, сонымен қатар Үкіметтің осы саладағы жігерлігін бағалау үшін Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.

  • Халықаралық жастар күніне орай Астанада кафе-форум өтті

    11 тамыз 2017, Астана – Бүгін Астанада «Жастар бейбітшілік және даму үшін» атты кафе-форумы өтті. Осы форум 12 тамыз бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық жастар күні аясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еріктілер бағдарламасының қолдауымен БҰҰ өкілдігі ұйымдастырды. Кафе-форумның мақсаты жастардың бейбітшілік пен жаһандық дамуға қосқан үлесі, сондай-ақ Тұрақты Даму Мақсаттарына қол жеткізу үшін жастар мен Үкімет, оқу орындары, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар өкілдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге назар аудару болып табылады.